Қызылордада түзеу мекемесінде «Алғыс айту күні» мерекесіне орай сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторы мен №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді.
«Алғыс айту» мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Ашық есік» күні жазасын өтеп жатқандар да, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасырмады.
№68 мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмыстары бөлімнің ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік концерт өтті.
«Ашық есік» күніне сотталғандардың ата-аналары, туған туыстары келді. Бірі Шымкент қаласынан жолдасының жағдайын білуге келсе, енді біреулері Қармақшы, Жалағаш аудандарынан ағасына, інісіне келді.Шараға келген ата-аналар тек жақындарымен кездесіп қана қойған жоқ, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, тамақтану орны асхананы аралып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.
Бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез бостандыққа шығып, туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – дейді тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев.
- Жолдасыма келіп тұрмын. Екі қызымда әкесін сағынды.Жағдайын көріп, көңіліміз бірленді.Екі қызым да жылап әкесімен қимай қоштасты. Жатын орнын, ас ішетін жерін, бос уақытын қайда өткізетінін барлығын өз көзіммен көрдім.Шараны ұйымдастырған мекеме басшылығына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысым шексіз»,- деді сотталғанның әйелі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!