Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Түзеу мекемесінде сотталған азаматтарға кітап көрмесі ұйымдастырылды

21.11.2024

272 0


Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері сотталғандарға «Дін және тарихи тағылымы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты сотталған азаматтарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапхана қорындағы жаңадан келіп түскен әдебиеттер туралы ақпараттар беру. Сонымен қатар сотталғандардың діни сауаттылығы мен тарихи таным түсінігін кеңейту мақсатанда жүзеге асырылды.
Кітапхана қызметкерлері «Дін және тарихи тағылымы» тақырыбы аясында кең көлемде ақпараттар беріп өтті.
– Кітап оқу зейініңді ашып, өзіңді тануыңа жол ашады. Бүгінгі көрмеден бірталай кітаптарға көңіліміз ауды, солардың ішінен «Тарихи рашиди», «Абылайхан», «Шыңғысхан» сынды тарихи және діни кітапарды оқуды алдағы уақытта жоспарлап отырмын, – деді сотталушы.
– Жалпы, түзеу мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтар біз жүрген сыртқы әлемге шықпайды , шығарылмайды. Сондықтан болар, басқа алаңдайтын, елітетін ештеңе жоқ, сабақтарына барады, кітапханаға кіреді, көркем шығармалар оқиды, осындай танымдық, көпшілік іс-шарарларға белсене қатысады. Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлеріне алғыс айтамыз-деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы


№60 мекеме

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: