Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаевтың атына облыс тұрғыны Б.Жамалладиновтан Қызылорда қалалық сотының судьясы М.Абилханова және сот отырысының хатшысы Н.Райкуловаға алғыс хаты келіп түсті.
Б.Жамалладинов алғыс хатында «Транстелеком» АҚ-ның филиалында телеграфист қызметін атқарып жүріп, штат санының қысқартылуына байланысты жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты тоқтатылғанын, бір мезетте жұмыссыз атанып, осыған байланысты жұмысына қайтадан орнастырып, мәжбүрлі түрде бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінгенін көрсеткен.
Сонымен қатар, судья істің мән-жайын толық зерттеп, талап қоюды қанағаттандырғанын, соның нәтижесінде жұмысына қайта орналасқанын көрсетіп, әділ шешім шығарған судьяға және сот отырысының хатшысына алғысын білдірген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!