Сәрсенбі, 15 қазан, 10:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Тұрғыннан ақша талап еткен күдікті қолға түсті: тергеу басталды

15.10.2025

56 0

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер облыс тұрғынынан ақша бопсалаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның ақпаратынша, күдікті жәбірленушіні әлеуметтік желілерге оның интимдік суреттері мен бейнематериалдарын жариялаймын деп қорқытып, 200 мың теңге сұрап бопсалаған. Ал жәбірленуші бірден полицияға жүгінген.

Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, бопсалау әрекеті үшін төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Полиция бопсалауға және қорқытуларға көнбеуді ескертеді. Егер сіз құқық бұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз. Дер кезінде қабылданған шаралар қылмыскерлерді тоқтатып, өзге азаматтарды осындай қауіптен қорғауға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: