Жұма, 05 желтоқсан, 12:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Тұрмыстағы қатынастың тайғанақ тұстары талданды

05.12.2025

41 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Соңғы уақытта ер мен әйел арасында өзара тартыс сипат алды. Сондықтан, ошақ отын сөндірмей, ізгілікті кемітпей тату тұрудың маңызы жиі айтылып келеді. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құраммен жұмыс тобының ұйымдастыруымен қызметкерлерге түсіндірме жұмысы жүргізіліп, өзекті мәселе жайында өткір ойлар ортаға салынды.

Алдымен ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспектор-психологы әділет капитаны Моншақ Маханова “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбеюіне не себеп?” тақырыбында тарқата сөйлеп, аяулыларды аяусыз соққыға жығуға болмайтынын, ортақ түсіністік керегін баса айтты.

Содан соң, “Отбасылық тұрмыстық зорлық- зомбылыққа қарсы күрес қызметі” бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Инабат Ишниязова отбасындағы зорлық-зомбылықтың әсері, оның алдын алу жолдары туралы нақты мысалдар келтірді. Қол көтерудің немесе қысым жасаудың ешқандай ақтауы жоқ екенін, мұндай әрекет заң алдында да, адамдық тұрғыдан да жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, қызметкерлер кездесу барысында “Отанды сүю – отбасынан басталады” атты бейнероликті тамашалап, арнайы қонақтардың түйдек ойын түйіндеді.

– Отбасындағы тыныштық пен сыйластық – қоғам қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құндылық. Сондықтан әйелдің құқығын қорғау, зорлыққа жол бермеу – әрқайсымызға ортақ міндет деп білемін. Бүгінгі іс-шара осыны тағы бір айқындап берді. Отбасындағы кикілжіңге қатысты түрлі дау-дамайды естіп те, көріп те, жаңалықтан хабардар да болып жүрміз. Өзекті өртейтін өкінішке ұрынбас үшін, өзара ымыра керек-ақ. Расымен, отбасы – шағын мемлекет. Демек, оны қызғыштай қорып, арадағы құрметті сақтау арқылы жанжалға жол бермеген жөн, – дейді мекеменің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мирамбек Тұрымбетов.

Кездесу қызметкерлерге қоғамдағы өз рөлін қайта ой елегінен өткізуге себеп болғаны анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: