Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Туризм есірткіге қарсы!» атты балалар арасында туристік фестиваль өтті

07.06.2023

588 0

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» жастар қоғамдық бірлестігін тарта отырып, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай және жазғы демалыс кезеңінде іс-шаралар өткізу аясында «Туризм есірткіге қарсы!» ұранымен балалар арасында туристік фестиваль ұйымдастырды.
Іс-шара нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық–насихаттау жұмысы аясында өткізілді.
Жарыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына теріс қарым-қатынасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына құндылық қарым-қатынасты, есірткіні қабылдамауды қалыптастыру. Сондай-ақ психобелсенді заттарды пайдаланудың алғашқы алдын алу жұмыстарын күшейту болып табылды.
Жарысқа қатысушылар «кедергілер жолағынан» өту дағдыларын, сондай-ақ скалодром шыңына көтерілу кезінде альпинистік дайындық дағдыларын және іскерліктерін паштады. Сонымен қатар, жас туристтер өздерінің көркем өнерлерінде көрсетті.
Балалар мен жасөспірімдер туризмі балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, сауықтырудың, кәсіптік бағдарлаудың, әлеуметтік бейімделудің, салауатты өмір салтын бекітудің, балалар мен жасөспірімдер тұлғасын дамытудың тиімді жүйесі болып табылады.
Жеңімпаз жас туристер алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.

"Туризм есірткіге қарсы!" атты балалар арасында туристік фестиваль өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: