Жұма, 30 мамыр, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

«Туризм – нашақорлыққа қарсы!»- Қызылордада жас
туристердің қалалық слеті өтті

28.05.2025

205 0

Слетке Қызылорда қаласының оқу орындарының 100-ден астам жас туристері қатысты.
Командалар кедергілі алқаннан өтіп, велосипедке қалай иелік ету керектігін, арқаннан түйіндер тоқуды және команда капитандарының қаншалықты күшті және ақылды екенін көрсетті.
Финалдық жарыстарға: №№15, 217, 43, 8, 112, 173, 187 оқу орындарының командалары қатысты.
№ 15 мектеп-лицейінің командасы кедергілер жолағынан өту, арқаннан түйін тоқу байқауларында сөзсіз жеңіске жетсе, №173 орта мектептің командасы велосипедті мәнерлеп жүргізуде вертуоз болып шықса, ең үздік каптан №8 орта мектептен екені анықталды.
Балалар жергілікті орында бағдарлау жүргізу сайысында, бақылау нүктелерінде белгілермен өз маршруттарын сәтті еңсере отырып, көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлерге ие болды.
Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша, үздік жас туристер деп келесілер атанды: № 15 мектеп – лицейінің командасы– 1 орын, 2 орын – №217 орта мектеп, 3 орын – №43 орта мектеп.
Слет ұйымдастырушылары: «Жастардың спорттық туризм және туристік көпсайыс федарациясы» Жастар қоғамдық бірлестігі, Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: