Қылмыстық-атқару жүйесінде көптің көзіне түсіп, жұрт назарына іліге бермейтін қызмет түрлерінің бірі –Тыл. Тыл жұмысы күнделікті күш-жігерді талап етеді. Тыл жұмысы жасалса байқалмайтын, жасалмайтын болса бірден көзге түсетін қызметтің бірі. Солай демекші Қылмыстық –атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 түзеу мекемесіндегі қамаудағылардың тұрмыстық жағдайларын жасау мекеменің Тылмен қамтамасыз ету бөліміне жүктелген.
Мекемеде сотталған азаматтардың тұрмыстық жағдайлары күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Сотталғандар үшін уақытылы азық-түлікпен, заттармен төсек-орын жабдықтарымен және гигиена құралдарымен уақытылы қамтамасыз етілуі, жеке құрам үшін жылу энергиясын, электр энергиясын, суық су мен кәрізді беру бойынша тұрмыстық қызметтерді нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету, қоқыс шығару тағы басқада бөлім ғимараттары мен құрылыстардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу Тыл қызметкерлерінің мойнындағы жүктеме.
Мекеменің тыл бөлімінің қызметкерлері ұйымшыл, ауызбіршілігі мол, күнделікті жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, қызмет атқару барысында өздерінің мықтылығын дәлелдеп келе жатқан қызметкерлер. Осындай мықты мамандардың қатарында еңбегі байқала бермейтін Тыл қызметінің үздігі, өз ісінің хас шебері Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Аубакиров Даулет Амирбекович өз қызметіне сүбелі үлесін қосып, мекеменің ыстық-суығына көніп, қызмет атқарып келе жатқанына 20 жылдай уақыт болыпты. Ол материялдық ,техникалық қамтамасыз ету ісін барынша жақсы білетін, бәрін еш кемшіліксіз атқарып жүрген, өзіне міндеттелген жұмысты тиянақты, уақытында орындай білетін, әр істің көзін тауып, дұрыс ұйымдастыра білуінің нәтижесінде қаншама жұмыстарды атқарып жүрген тыл қызметкері. Дәулет Амирбекович –парасатты, қабілетті ұйымдастырушы, өте сауатты және қарапайым , адам баласына үлкен, кіші демей жақын тұтатын жылы шырайлы адам. Отбасында жақсы тәрбие көріп, онысын өзінің отбасына сіңдіре білген, балаларына қамқоршы, үлгілі көп балалы әке, жарына адал тірек , қызметіне адал жан. Перзенттері де өнерлі, білімді. Өзімен бірге қызметтес ұжымның да ұйымшылдығы тікелей басшыға байланысты екені айтпасада түсінікті. Бұндай қасиеттері онымен қызметтес, әріптес болғандардың көкірегінде, көңілінде сайрап тұр. Бұл туралы мекеменің басшылық тарапы да жылдың қорытындысы бойынша Даулет Амирбековичтің жасаған қызметіне қарай, мықты маман екенін тілге тиек етіп келеді. Себебі еңбек еткен адам ғана қай ғасырда да елге сыйлы, халқына ұнамды, жастарға құрметті, үлгілі бола алады.
№60 мекеме баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!