Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, оқу-жаттығулардың жаңа форматтары енгізіліп, тікұшақ техникасын пайдалану арқылы өрт-тактикалық жаттығулар ұйымдастырылған. Биыл ТЖМ теңіз жасағы Каспий теңізінде мұнай төгілуінің салдарын жоюға бағытталған республикалық оқу-жаттығуды алғаш рет өткізді.
Бұл бөлімше еліміздің су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады, – деді вице-министр.
ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылып отыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, көмір кәсіпорындарына ауқымды ревизия жүргізіліп, нәтижесінде 2 мыңнан астам бұзушылық анықталған. 60-тан астам нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды.
2026 жылдан бастап өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Осы жүйе аясында барлық қауіпті өндірістік нысандар бір жұмыс күні бұрын ескерту арқылы тексерілетін болады, – деді Кеген Тұрсынбаев.
Сондай-ақ қазіргі заманғы қауіптерді ескере отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастырудың жаңа механизмдері енгізілген. Енді оның есебі мен толықтырылуы өңірлердің нақты қажеттілігіне және төтенше жағдай кезінде халықты жедел қолдауға бағытталады.
Талап етілмейтін 47 атау алынып тасталып, 44 жаңа атау енгізілді, 18 атау жаңғыртылды, сондай-ақ 10 медициналық бұйымның көлемі қайта қаралды. Биыл «Азаматтық қорғау туралы» Заңға елеулі өзгерістер енгізіліп, өнеркәсіптік, өрт және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары мен жекелеген құрылыс нормалары күшейтілді. Сонымен бірге, өрттен сақтандырудың жаңа механизмі енгізіліп жатыр,-деді спикер.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!