Жұма, 21 қараша, 21:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Үйін өзі сатқаны үшін соттан айыппұл

21.11.2025

25 0

Сурет: pexels

Павлодар облысында сот пәтерді өз бетінше сатқан тапсырыс беруші – үй иесінен сыйақы өндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жылжымайтын мүлік агенттігінің көрсеткен қызметі бойынша берешекті өндіріп алу туралы ісіне қатысты апелляциялық шағымды қарады.

Жеке кәсіпкер мен азаматша Ю-дың арасында пәтер сатып алушыларды табу бойынша шарт жасалғаны анықталды. Шарт талаптарына сәйкес, сатып алушыны тапсырыс беруші жеке өзі тауып алса да, шарттың әрекет ету мерзімі ішінде мүлікті сатудың кез келген жағдайында тапсырыс беруші 800 000 теңге төлеуге міндеттенеді. Бірақ әйел пәтерді өзі сатып, бірақ сыйақыны төлемеген.

«Бірінші сатыдағы сот шарт талаптарын ауыр деп есептеп, талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Сот алқасы келіспей, шартқа ерікті түрде қол қойылғанын, ҚР АК 272-бабы міндеттемені тиісінше орындауды талап ететінін, ҚР АК 683-бабы тапсырыс беруші көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенетінін, шарттың әрекет ету мерзімі ішінде пәтерді сату фактісі төлемнің негізін растайтынын көрсетті».

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: