«Ішкі істер министрлігінде мәресіне жеткен «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауына барлық өңірден жедел бөліністердің қызметкерлері қатысты. Осындай байқаулар жеке құрамды ынталандырып қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға да ықпал ететіні сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
Бірнеше кезеңнен тұрған байқауда қатысушылар заңнамалық білімін тексеретін тест тапсырып, дене дайындығы мен атыс шеберлігін көрсетті. Әрбір қатысушы жедел уәкілдің ақылды ғана емес, төзімді, батыл болуы керектігін айғақтады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша 1-орынды Актөбе облысына қарасты Байғанин ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының аға жедел уәкілі Ырзалы Сағынғалиев жеңіп алды. Оны жоғары кәсіби деңгейі биылғы жылдың үздігі етті.
2-орын – Ақмола облысының Атбасар аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Ғалымжан Мархабат. Ол – өз бөлінісінің ең үміт күттіретін әрі дайындығы жоғары қызметкерлерінің бірі.
3-орын – Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Рүстем Әкімжанов. Ол – жылдам реакциясы, терең білімі және мергендігімен ерекшеленді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!