22 сәуір күні Сырдария ауданының Полиция бөліміне «102» жедел арнасына ауыл тұрғынының арызы келіп түсті.
Арызданушының айтуы бойынша, 28 наурыз күні танысы ұялы телефонын сұрап, ақпараттық жүйесіне заңсыз кіру арқылы банк бағдарламасы арқылы 1 млн теңге көлемінде заттай несие рәсімдеп алған.
Жедел – іздестіру іс-шаралары барысында полицейлермен ұрлық жасаған облыс тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұл тартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2–бөлігі 4–тармағымен (Ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!