Сейсенбі, 26 қараша, 11:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тоқаевқа қастандық жасамақ болған адамға қатысты алғаш рет түсініктеме берді

09.08.2022

1372 0

Экспресс К ақпараттық порталының ресми хатына жауап берген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері тұтқынға алынған күдіктінің аты-жөнін атап, оның қандай қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін хабарлады.

«Ұлттық қауіпсіздік қызметі Аян Атығаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-тармағы мен 255-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізуде», — делінген Экспресс К порталына келген ресми жауап хатта.

Қылмыстық кодекстің 24-бабының 1-тармағында белгілі бір қылмысқа дайындалу көрсетілсе, 255-бабының 4 тармағында қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдеріне қабылдауына ықпал ету және басқа лаңкестік әрекеттермен ұштасқан адам өміріне қол сұғу әрекеті қарастырылған.

Аталған баптарға сәйкес айыпты азаматқа дүние-мүлкін тәркілеп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе аталған шараны қолданбастан, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

ҰҚК тұтқынға алынған күдіктіге қатысты басқа мәліметтерді тергеу құпиялылығына байланысты берген жоқ.

Бұған дейін Тоқаевқа қастандық жасамақ болған шетел агенті желіде жасырын хабар қалдырғаны жайлы жазылған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: