Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Былтыр комитет қызметкерлері 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кескен, деп жазады Egemen.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталған. Оның 860-ы сотқа жолданған.
Комитет мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты екені анықталды.
Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы келісімді ратификациялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
