Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр. ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:
Ақпаратты техникалық қорғау орталығы мен Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен біріктіріледі;
Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және «А» арнаулы мақсаттағы қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!