Бейсенбі, 28 қараша, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы

27.09.2021

452 0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Оспанов Нұржан Қазбекұлы, «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тұсмағамбетов Жандос Бектайұлы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Баймурзаева Динара Қонақбайқызы және Қызылорда қаласындағы барлық орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді.

Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін өзгерту. Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттерді алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Кездесу барысында Нұржан Қазбекұлы – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша хабарлама жасап, мектеп директорларын адалдыққа, парасаттылыққа, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру бағытында біріге жұмыс жасауға шақырды.

Сонымен қатар, шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, кездесу барысында туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: