Облыстық Полиция департаментіне Сырдария ауданының тұрғыны велосипед ұрлығы бойынша арызданған. Азаматшаның айтуы бойынша, велосипедін өзі тұратын үйдің подъезіне құлпқа қойып кеткен. Сәлден соң келгенде, оның орнында жоқ екенін байқаған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде велосипед ұрлаған 34 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынып, жәбірленушіге қол-хат арқылы берілді.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!