2025-2026 оқу жылының соңғы тоқсанында Басқарманың Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция бөлімшесі мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлерімен бірлесе кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, оның ішінде жыныстық қол сұғылмаушылық пен сексуалды сипаттағы қылмыстарды болдырмау, жолын кесу бағытында жұмыстарын іске асыру мақсатында 2026 жылдың 06-13 сәуір күндері аралығында қала көлемінде «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалықтың кепілі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның заңды өкілдердің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс жүрген, алкогольдік ішімдіктер пайдаланатын кәмелетке толмағандарды анықтау, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау және полиция органдарына есепке қою, «Тәуекел тобындағы» отбасылар (тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бар; соттылығы бар; толық емес, жедел жұмысты қажет ететін адамдармен қысқа мерзімге бірге тұруға жол беретін және басқалары) анықтау, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың қарауына жасөспірім қылмысының профилактикасын күшейту, олардың бос уақыттарын ұйымдастыру, спорт секцияларында шұғылдану және білім беру, денсаулық сақтау органдарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп жастар болатын орындарда рейдтік іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстарды енгізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдар жолдау, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерделей отырып, заңды өкілдермен әңгімелесу жүргізе және құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңды шаралар қабылдай отырып, полиция органдарында есепте тұрған, кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың атыс қаруын және суық қаруды сақтау деректерін анықтау, кәмелетке толмағандар мен олардың ата – аналарының құқықтық сауаттылықтарын арттыру болып табылады.
Ювеналды полиция бөлімшесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
