Сенбі, 23 қараша, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз айналымнан 24 қару алынды

08.02.2021

1067 0

27 қаңтар – 6 ақпан аралығында облыс бойынша «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында, 4826 қару иелері мекен-жайларынан тексеріліп, 84 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.
Әкімшілік кодексінің 482 (қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бабымен, заңсыз айналымнан 24 қару тәркіленді.
04 ақпан күні Айдарлы ауылының 26 жастағы тұрғынының сарайында ІІО-да тіркеуде жоқ, 2-ұнғылы, 16-калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін алынды.
05 ақпан күні Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерді тексеруде 28 жастағы азаматтың ІІО-да тіркеуде жоқ 8 мм газды тапаншасын 8-дана оғымен заңсыз алып жүргені анықталған.
Сонымен қатар, кодекстің 484 бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 26 азаматқа, 486 бабына сәйкес (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 34 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: