17 сәуірде Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп «Уылдырық-2021» іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулаудың тағы да екі дерегін анықтады.
Атап айтқанда, Арал ауданы, Сарышығанақ теңізінің жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 10 қап 173 кг. көк серке балығын заңсыз аулағаны үшін 56 және 41 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Айғақ заттар «Шағала 30» қайық моторы, 10 дана ау алынды.
Сондай-ақ, сол күні дәл осы тектес жағдайда 80 кг. (сазан,табан,қылыш) балықтарын аулағаны үшін Арал ауданының екі тұрғыны ұсталды. Айғақ заттар «Yamaha-30» қайық моторы және 10- дана ау алынды.
Екі дерек бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп – тексеру жұмыстары басталды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!