Жұма, 27 желтоқсан, 00:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Заңсыз-келуші» : 438 құқық бұзушылық анықталды

16.12.2021

1011 0

Облыс аумағында өтіп жатқан «Заңсыз-келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 438 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 293 шетелдік  анықталды, сонымен қатар, шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республиканың 145 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. 

Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 23 азаматы елімізден аластатылды.

«Құрметті қала тұрғындары шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, ҚР халықтың көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.

Егерде заң талаптарын орындамай өрсекел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетін болады»,- деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: