Бейсенбі, 28 қараша, 03:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз қару тасымалдаған аудан тұрғындары анықталды

08.09.2021

655 0

7 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының патрульдік полиция ротасының инспекторлары қызмет атқару барысында «Шымкент-Самара» тас жолының 1649-1650 шақырымы Төребай би ауылының тұсында 34 жастағы Жосалы кентінің тұрғынының басқаруындағы «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушіге тиесілі ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығы және 57 жастағы жолаушысына тиесілі ІІО тіркеуде жоқ, 2-ұңғылы, 16-калибрлі, аңшы мылтығымен 5-дана оқ дәрілерін заңсыз тасымалдағаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: