Қызылорда қалалық пробация қызметінің ең жас қызметкері Зарина Мұратқызы ішкі істер органының қызметкері болуды балалық шағынан армандаған.
Ол 2018 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін ҚР ІІМ-нің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түседі. Қазіргі таңда соңғы курсында қалалық пробация қызметінде Ювенал тобының инспекторы болып практикадан өтеуде. Жас маман тәжірибе жинақтап, қызметке бар ынтасымен кіріскен. Өзінің есебіндегі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді мәдени-спорттық шараларға қатыстырып, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.
«Үйде бес баламыз. Мен ортаншысымын. Бұл мамандықты таңдағаныма ата-анам қарсы болмады. Керісінше, әкем мені қолдап, ақылын айтып отырады. «Антыңа адал болып, еліңе қызмет ету басты парызың», дейді әкем. Жас маман болсам да қызметке бірден кірісіп кеттім. Өйткені теориялық сабақ барысында оқытушылар сотталған азаматтармен тікелей жұмыс істейтінімізді айтып, теория жүзінде үйреткен. Сондықтан маған қызметім еш қиындық тудырмады» – дейді курсант Зарина Мұратқызы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!