Сейсенбі, 09 желтоқсан, 19:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Зергерлік шеберханаға шабуыл жасаған қылмыскер қолға түсті

09.12.2025

31 0

Сурет: polisia.kz

Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері қос қылмысты әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері 4 желтоқсан күні таңғы сағат 05:00 шамасында «Галактика» сауда үйінде болған өрттің мән-жайын тексерді.

Алғашқы болжамда электр сымдарының қысқа тұйықталуы қарастырылғанымен, өрттен ең көп зардап шеккен нысан зергерлік шеберхана болғаны назарға алынды.

Тәртіп сақшылары сауда үйінің маңындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, өртке дейін біраз уақыт бұрын сол маңда болған және бос сауда павильонына бірдеңе жасырып кеткен күдікті адамды анықтады. Павильонды тексеру барысында полицейлер оның ішінен құны 1 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдар салынған түйіншекті тапты. Осылайша ұрлық фактісі белгілі болды. Тексеру нәтижесі сауда үйіне қасақана өрт қою әрекетін растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: