Топ-баннер2

Сәрсенбі, 11 наурыз, 12:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Жалақыны заңсыз ұстап қалған: Burger King-ке қатысты іс қозғалды

11.03.2026

55 0

Фото: shutterstock

Аутизм диагнозы бар қызметкермен болған даудан кейін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті  «QSR» ЖШС-ге (Burger King) қатысты жоспарсыз тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Компанияда қызметкерлердің келісімінсіз жалақыны заңсыз ұстап, жүйелі түрде кешіктіріп жүрген. Нақты жұмыс істеген уақыт есепке алынбай, мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақы да дұрыс төленбеген. Ауысым кестелері де бұзылған.

«Инспекторлар компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпегенін, ал персоналдың еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша «QSR» ЖШС-не барлық анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді», – деп хабарлайды комитеттен.

Тексеру қорытындысы бойынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87, 93 және 94-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Барлық заң бұзушылық қалпына келтірілгенге дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында болады.

«Қысым жасалды»

Әйгілі фаст-фуд желісіне қатысты дау өткен айда басталған. Әлеуметтік кәсіпкер Жанат Қаратай аутизм диагнозы бар ұлы Әлібек Қаратайға қысым жасалғанын, жұмыстан кетуге мәжбүрлегенін айтты. Компания ешқандай қысым болғанын айтып ақталғанымен, әлеуметтік желіде қатты сынға ұшырады.

Бірнеше күнге созылған жанжалдан кейін Әлібек Қаратай жұмыс істеген бөлімдегі екі менеджерді жұмыстан шығарды.

Бұл дауға Еңбек министрлігі де араласып, тексеріс жүргізетінін мәлімдеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: