Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жалған аккаунт арқылы ер азаматтармен танысқан қыздар олардан ақша бопсалаған. Қызылорда облысында бір топ әйел ұсталды.

29.06.2023

553 0

Полицияға бір ер азамат арызданып, 2023 жылдың сәуір айынан  бастап белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткендігін айтқан.  Аталған дерек бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің ҰҚҚКБ қызметкерлерімен кешенді жедел – іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды.  Facebook-те жалған аккаунт құра отырып, бұл әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұраған. Бопсалаушылардан барлығы 8  тұлға жапа шеккен. Заттай дәлелдеме  ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді.  Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды  Екі күдікті  әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты «үйқамақ»түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас  деректерге қатыстылығы тексерілуде.  Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: