Ақтөбе облысының полиция департаменті интернет арқылы жалған хабарландырулар орналастырып азаматтарды алдаған 30 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Алаяқтан алты адам зардап шеккен. Үшеуі Ақтөбеден болса, қалған үшеуі Алматы, Түркістан облыстарынан.
Жәбірленушілердің барлығы Алматы қаласынан бірнеше тәулікке пәтерді жалға алмақ болған. Күдікті олардан ақша аударымын алғаннан кейін байланысты тоқтатқан, сөйтіп жалпы 300 мың теңгеге жуық ақша иеленген.
Тергеп-тексеру барысында ұсталған ер адамның Алматы қаласынан пәтерлерді жалға беру туралы хабарламаларды интернет-платформасынан тауып, өзі жалға алушы кейпінде пәтер иелеріне хабарласқаны анықталған.
Polisia.kz мәліметінше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Басқа өңірлерде оның осындай әрекетінен зардап шеккендердің бар-жоғы да тексеріліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
