Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жалған есепке алу-бақылау маркаларымен 4376 дана арақ өнімдері алынды

28.02.2023

881 0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында иемдену, пайдалану немесе өткізу дерегін анықтады.

Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекен жайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімдерін сақтаған. Аталған азаматтаржалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін тергеумен анықталмағантұлғалардантөмен бағада сатып алып, пайда табу мақсатында үстіне ақша қосып сату барысында құрықталған.

      Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  233-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Оқиға орнынан қарап тексеру барысында жалпы саны 4376 дана арақ өнімдері алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

      Тергеу талабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Қызылорда облысы бойынша ЭТД

Баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: