Сейсенбі, 30 қыркүйек, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Жалған құжат жасатқан мемлекеттік қызметшінің ісі әшкере болды

30.09.2025

61 0

Фото: BAQ.KZ - архив

Түркістанда еңбекке жарамсыздық парағын жасатқан тұлғаға жаза тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айыпталушы мемлекеттік қызметкер әйел болып шықты.

Соттың дерегінше, ол 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында ешқандай себепсіз жұмысқа шықпаған. Кейін кадр бөліміне ауырғаны туралы жалған анықтама тапсырған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, еңбекке жарамсыздық қағазын ол белгісіз адамнан алған және құжаттың жалған екенін білген.

Сотта жалған анықтама жасатқан қызметкер келіншектің кінәсі толық дәлелденді.

11 шілде 2025 жылы сот үкімімен қызметкерге 314 560 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалып, рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес, тағайындалған айыппұл түріндегі жазадан босатылды, – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін алаяқтар қатерлі ісікпен ауырған адамның атына несие рәсімдегенін жаздық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: