ҚАЖД-нің №60 мекемесі қызметкерлері көп балалалы жалғызбасты анаға көмек көрсетті.
Төрт перзентті жалғыз асырап отқан ана қазіргі таңда жұмыс та жасай алмайды. Себебі ерекше күтім талап ететін мүгедек қызы бар. Десе де, ешкімге салмақ салғысы келмеген ана қолынан келгенше бүлдіршіндерді асырап бағуда.
Осы тұста жақсылықты жанына серік еткен №60 мекеме қызметкерлері аз қамтылған отбасыға азық -түлік жәшігін жеткізіп берді.
Кішкентай бүлдіршіндердің көңілін аулап, көп балалы ананың алғысын алып қайтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!