Сәрсенбі, 20 қараша, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жанармай бекетінде қалдырған: Алматы облысының полицейлері хаттың көмегімен шетелдік азаматты құтқарды

26.12.2021

849 0

Алматы облысының патрульдік полициясының қызметкерлері жанар-жағармай құю бекетінде табылған жазбаның көмегімен шетелдік азаматты құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы желтоқсан айының 23-нен 24-не қараған түні Алматы облысының полиция департаментінің бақылау бөліміне көрші облыстың тәртіп сақшыларынан жанар-жағармай құю бекеттерінен белгісіз біреу өзін ұрлап бара жатқаны және құтқару туралы өтініші жазылған хат қалдырғаны жайлы хабарлама келіп түскен

Облыс аумағында «Ұстау» жоспары енгізілді.

«Жарты сағат ішінде Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының» Борт-25″ экипажы құрамында аға инспектор, полиция майоры А.Тюлюказов және полицияның аға лейтенанты А. Жанабеков Алматы-Бішкек автожолының 76 – шы шақырымында Самсы ауылының маңында 35 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Honda Elysion автокөлігін тоқтатты», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінде.

Құжаттарды тексеру кезінде көлікте тағы төрт ер адам болған, олардың арасында жанармай құю бекетінде құтқару туралы жазба қалдырған көрші республикадан келген 43 жастағы азамат да анықталды.

«Бұл тұлғалардың барлығы Жамбыл облысының ІІБ-не жеткізілді, жәбірленуші күдіктілерге шара қолдану туралы жазбаша арыз берді. Аумақтық материал Жамбыл облыстық ІІД-не беріледі», – дедіқосты полиция майоры Ерлан Мұхамедияров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: