Дүйсенбі, 25 қараша, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жаңа заң бойынша тоғыз сотталған азамат өз елінде жазасын өтемек

14.03.2023

601 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Оның ішінде 20-дан астам шет ел азаматы бар. Бүгін мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майоры Н.Молдағалиқызы 20-дан астам сотталғанға Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шарт ратификациялану бойынша қол қойылғандығы жайлы түсіндірме жұмысын жүргізді. Нәтижесінде тоғыз сотталған өз елінде жаза мерзімін өтеуге ниет білдірген.

  • Бұған дейін тиісті заң Конституцияда белгіленген талаптарды жүзеге асыруға бағытталғаны хабарланған еді. Конституцияда, егер халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан азаматын шет мемлекетке беруге болмайтыны көрсетілген. Сонымен қатар республика өз азаматтарын мемлекет аумағынан тыс жерде қорғауға кепілдік береді. Осыған ұқсас норма Өзбекстан Конституциясында да бар. Өз еліне жазасын одан әрі өтеу үшін сотталған өзі немесе заңды өкілі өтініш береді. Сонымен қоса қылмыс арқылы келтірілген залал өтелген болса, сотталғанға қатысты тергеп-тексеру, сот талқылауы немесе өзге де процестер жалғастырылмаса өз елінде өтеуге мүмкіндігі бар,-деді мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майоры Назерке Молдағалиқызы
  • Мен 2014 жылдан бастап жаза мерзімімді Қазақстан Республикасында өтеп келемін. Қабылданған заң бойынша қалған 6 жыл жаза мерзімімді өз елімде өтегеуге ниет білдірдім. Осындай жағдай қарастырып отырған мемлекет басшысына ризашылығымды білдіремін. Елден жырақ жүріп жаза басқаныммен, жазамды өз елімде өтегім келеді, – деді сотталған Н. Есімді азамат.
    Өзбекстан Республикасы заң жобасын мақұлдап, заң күшіне енсе қазан-қараша айларынан бастап Қазақстан Республикасында абақтыда отырған сотталғандар жаза мерзімін өз елінде өтеуге мүмкіндік алады.

  • Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: