Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңақорған тұрғыны түркістандықтарды алдап соққан

25.12.2020

1271 0

Кеше Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Түркістан қаласының үш тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды.

Былтыр маусым-шілде айларында ортақ таныстары сеніміне кіріп «жұмысқа тұрғызып беремін» деп жалпы соммасы 395 мың теңгесін алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамаған, ақшаларын да қайтармаған.

Жедел іздестіру шаралары барысында қызылордалық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Жаңақорған ауданының 46 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: