Бейсенбі, 26 желтоқсан, 08:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңақорғанда ауылдасын жұмысқа тұрғызуға уәде берген тұрғын ұсталды

03.05.2022

818 0

Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғынын ұстады.

Ол биылғы жылдың қаңтар айында «мектепке мұғалім қылып жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен танысынан 700 мың теңге көлемінде ақша алған.

Алайда, уәде берген жұмысына тұрғызбаған жаңақорғандық алған ақшасын да қайтармаған.

Сөйтіп, жәбірленуші 29 сәуір күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне арызданды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: