25 шілдеде Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апаты болып, екі адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz .
Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Арман Камилмұратовтың Zakon.kz тілшісіне хабарлауынша, оқиға сағат 15:00 шамасында Шопа ауылының маңында болған.
«Toyota Prado, Hyundai Sonata, Toyota Avesis маркалы үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деді ол.
Полицей жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалғанын айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!