Сәрсенбі, 22 қазан, 23:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Жас өмір темір тордың алдында 17 жастағы бозбалаға 7 жыл жаза қаупі төніп тұр

22.10.2025

45 0

Фото: BAQ.KZ/Бауыржан Жуасбаев

Астанада 17 жастағы жасөспірім өз банк картасының деректерін алаяққа бергені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жаңа заң бойынша дропперлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Заңына қол қойды.

Азаматтардың киберортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақша қаражатының заңсыз айналым арналарын тоқтату мақсатында «дропперлік» – яғни, өзінің банктік карталарын, шоттарын және өзге де төлем құралдарын сыйақы үшін үшінші тұлғаларға беру үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді (жаңа ҚК-нің 232-1-бабы 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап күшіне енгізілді).

Заң күшіне енген уақыттан бастап (2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап) елде аталған бап бойынша 7 қылмыстық іс тіркелген. Мысалы, Астана қаласында алаяққа Қазақстан Республикасының азаматынан ұрланған ақша қаражатын аудару үшін өзінің банктік шотының деректемелерін берген он жеті жасар жасөспірімге қатысты тергеу басталды, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Алаяқтар уәде еткен сыйақы үшін ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Осындай кері әсер өздерінің банктік шоттарын, соның ішінде өзге елден оларды қылмыстық схемаларда пайдалану үшін ұсынатын шет ел азаматтарына да қолданылады.

Дегенмен, Қылмыстық кодекстің 232-1-бабына ескертпеге сәйкес, құқыққа қайшы схемаға тартылған, бірақ бұл туралы уәкілетті органдарға өз еркімен хабарлаған және қылмысты ашуға белсенді ықпал еткен адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Егер сіз бұрын шоттарыңызды үшінші тұлғаларға берген болсаңыз, құқыққа қарсы схемаларға ықтимал тартуды болдырмау үшін дереу банк бөлімшесіне хабарласыңыз немесе онлайн-банкинг арқылы картаны өз бетіңізше бұғаттаңыз. Азаматтарды алаяқтардың қылмыс құралы болмауға шақырамыз, – деп ескертті Бас прокуратура.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: