Астанада жас полицей қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап қаза тапты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұ тоғызыншы қабаттан құлаған. Мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Астана полициясы.
Полиция қайғылы оқиға сейсенбі, 24 желтоқсанда болғанын нақтылады.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында 12 жастағы мектеп оқушысы көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп, ауруханаға түскенін хабарлаған едік. Полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!