2023 жылғы 5 мамыр күні Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінде саптық байқау өткізілді. Қазақстан Республикасының туы көтеріліп, гимн орындалды. Ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған 7 жас қызметкерлер Қызылорда ст. ЖПб жеке құрамының алдында Отанға қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Бөлім басшылығы жас қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, Отанға адал қызмет етуге керектігін айтып, алдағы қызметтірне табыс тіледі. Салтанатты іс-шара соңында Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлері спатық шерумен өтті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!