17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында жасөспірімнің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланды. Оқиға Астанада болған,- деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға елорданың Хан Шатыр аумағында, Әнет баба көшесі бойында болды. Астананың Полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.
Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!