Қарағандылық жасөспірім SIM-карталарды заңсыз активациялағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, өткен айдың ортасында жасөспірім әлеуметтік желілердің біріндегі топқа тіркеліп, сол жерде топ модераторынан WhatsApp аккаунттарын сату және SIM-карталарды активауиялау туралы ұсыныс алған.
Жеңіл табыс табамын деген оймен ол ұсынысқа келіскен. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде өз ұялы телефоны арқылы оннан астам аккаунтты активациялап, заңсыз әрекет жасаған.
«Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Киберполиция қызметкерлері аккаунттар мен SIM-карталардың қандай мақсатта пайдаланылғанын анықтап, қылмыстық әрекетті ұйымдастырған және оған қатысы бар тұлғаларды іздестіріп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!