Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 2021 жылдың 10 мен 14 ақпан күндері аралығында облыс көлемінде «Жасөспірім және Көше» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде, басқа да қоғамдық орындарда кәмелетке толмағандардың арасындағы топтық төбелес, суық қару тасымалдау, бопсалау сынды қылмыстардың алдын-алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс болуы деректерін анықтау, сонымен қатар бала тәрбиесімен айналыспайтын ата-аналарды анықтау жұмыстарын барынша жандандыру болып табылады.
Сондай-ақ, ата-аналарды, мұғалімдерді, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерін, еріктілерді тарта отырып, кәмелетке толмағандардың көп жиналатын орындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!