Қызылорда облысы ПД-ң Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқықтық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Арай-Sunrise» лагерінде демалып жатқан жасөспірімдермен кездесті.
Кездесу барысында балалармен есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері оқушыларға есірткінің қаншалықты зиян екенін, тіпті адам өліміне дейін әкеліп соғатынын жеткізді.
Есірткімен күресушілер осы күнге дейін өткізіліп жатқан іс-шаралар, оны сатып алу көздерін анықтау аясында жүргізілген рейдтік жұмыстары туралы айтып берді. Кинологтар жарылғыш заттардың, есірткінің орналасқан жерін иіс арқылы анықтайтын қызметтік иттердің жұмысымен таныстырды.
Шара барысында балалар дайындаған қойылымдар мен плакаттарды ұсынып, есірткі және психотроптық заттардың зияны туралы пікірлерін білдірді. Кездесу соңында балалар сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!