Бейсенбі, 09 қазан, 16:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

«Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен флешмоб байқауы өтті

09.10.2025

46 0

Саламатты  өмір  салтын  қалыптастырып,  жастар  мен  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  пайдалануға  баулу мақсатында, Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыстың  оқу  орындары  арасында  «Жастар  есірткіге  қарсы!»  ұранымен  флешмоб  байқауы  ұйымдастырылды.

Флешмобқа қатысушылар өз билерінде есірткіге деген теріс көзқарасты, салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды көрсетті. Іріктеу байқаулары облыс өңірлерінде өткізілді. Екінші кезеңге облыстың оқу орындарының 48 командасы қатысты.
Жиырма команда үздік деп танылса, 17 команда жігерліктерімен танылды. Облыстық жеңімпаздар қатарына: Шиелі ауданындағы №50,155,49, Қызылорда қаласындағы №144, Қармақшы ауданындағы №273,26, Жалағаш ауданындағы №123 және Қазалы ауданындағы №70 орта мектептері кірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: