Жұма, 24 қазан, 17:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Жауапкершілікке негізделген ортақ мақсат

24.10.2025

48 0

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлері арнайы келіп, экскурсия жасады.

Келген мамандар мекеменің күнделікті жұмыс барысы, ішкі тәртіп және қауіпсіздік талаптарымен танысты. Режимдік нысандарды аралап, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтардың орналасқан жатақханасы мен асхананы да көрді. Сонымен қатар, сотталғандарды еңбекке тарту мен тәрбиелеу ісіндегі тәсілдер туралы кеңінен баяндалды.

– Заң үстемдік еткен елде сенім мен тәртіп бекиді. Бүгінгі кездесудің де түпкі мақсаты – сол сенім мен жауапкершілікке негізделген қоғам қалыптастыруға үлес қосу. Қашан да құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, азаматтардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру мақсатынан тайған емеспіз. Сондықтан, қоғамда заңға бағыну мәдениетін орнықтыру үшін бірлескен іс-шараны жиі өткізуге тырысамыз, – деді Режим және күзет бөлімінің бастығы әділет капитаны Азат Батырбеков.

Осындай ортақ мақсатқа жұмылу оң нәтиже берері анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: