Сенбі, 28 желтоқсан, 12:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жаза күшейді: Енді елімізде әйелін ұрғандар қамауға алынады

06.02.2024

645 0

Фото: Н.Нұржаубай

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдердің құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың көптеген түріне қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды көздейді.

Атап айтқанда, түзетулер қылмыстық жауапкершілікті енгізеді және мына баптар бойынша жауапкершілікті қатаңдатады:

  • Ұрып-соғу – 80 АЕК (2024 жылы 295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу;
  • Қинау – 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • Денсаулыққа ауыр зиян келтiру – 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
  • Денсаулыққа орташа ауыр зиян келтiру – 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру;
  • Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу;

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: