Жалағаш аудандық пробация қызметінің есебінде 40-тан астам адам есепте тұрады. Жыл басынан пробациялық бақылауға алынған 2 сотталған жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен орындамағаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Жуырда тағы бір азамат сот жүктеген міндеттерді орындамай, құқықбұзушылық жасап жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді. Ол сот үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Алайда, бұл азамат пробация инспекторларының түсіндірме жұмыстарына құлақ аспай, сотпен жүктелген міндеттерді орындамай, белгіленген күндері пробация қызметіне келмей, тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасап, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Пробация қызметімен сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға құжаттары жинақталып, сотқа ұсыныс жолданған. Сотталғаннның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі 1жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген .
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!