Сейсенбі, 26 қараша, 13:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеуші жұп арасында видеобайланыс орнатылды

08.09.2023

277 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айырылған азамат Ақтөбе қаласында жазасын өтеп жатқан некелі жұбайымен «Skype» жүйесі арқылы видеобайланыс орнатты. Видеобайланыс барысында некелі азаматтар бір-бірінен жағдай сұрасып, сағыныштарын білдірді.

«Мекеме басшылығы тарапынан бізге заңмен көрсетілген барлық жағдай жасалуда. Соның бірі жақындарымызбен сөйлесу. Бұл туыстарымыз бен біздер үшін үлкен қуаныш. Ұялы телефон арқылы дауыстарын естіген бір басқа, бүгінде осы бейне сөйлесу арқылы жағдайымыздың жақсы, деніміздің сау екендігін көре алады. Бүгін жұбайыммен бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, балаларымның анаммен бірге екенін естідім. Отбасы күнін өзге балалар секілді ата-анасының жанында өткізе алмайтыны жаныма батады. Жасаған қылмысым үшін де өкінемін. Балаларыммен тезірек қауышу үшін тәртіп бұзушыдыққа бармай, түзелу жолында жүрмін» – деді өз сөзінде жазасын өтеуші.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: