ЗК-169/1 тергеу изоляторында 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі алдында шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандар арасында спорттық іс-шара өтті.
Жарысты мекеменің тәрбие бөлімі жоспарға сәйкес, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе отырып ұйымдастырған.
«Біз, сотталғандарды ынталандыру мақсатында жарыстарды жиі ұйымдастырамыз. Бүгінгі іс -шараның мақсаты Наурыз мерекесін атап өту, ұлттық мерекені ұлықтау, сотталғандардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оларды оң тәрбиеге қарай бағыттау болып табылады» – деді, әділет капитаны А. Тұрманов
Жазасын өтеушілер арқан тарту, кір тасын көтеру, турникке тартылу бойынша екі топ болып сынға түсті.
Нәтежиесінде, білек күші басым түскен «Арлан» тобы арқан керуден алда болды.
ІІ орынды «Сұңқар «тобындағы жазасын өтеушілер кір тасын көтеруден озық түсті.
Ал, турникке тартылу бойынша С есімді азамат, шыдамдылығымен барлығын басып озып, тобындағыларды жеңіске жетеледі.
«Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға рақмет айтамыз. Жарыс тартысты өтті. Бар күш жігерімізді салдық. Көктемнің жылы лебінен бе, желпініп, біраз сергіп қалдық. Тергеу изоляторы қызметкерлерін, барша қазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтаймыз» – деді , жеңіске жеткен Сұңқар тобындағы азамат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!