Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекесінің өндірістік аймағында кәсіпкерлер ісін дөңгелетіп отыр. Соның бірі Жеке кәсіпкер «Әділет».

Кірпіш зауыты зауытында еңбек ету – жауапты іс. 2019 жылдан бері ЖК «Әділет» мекеменің кірпіш зауыты аймағында жұмыс жасауда. Сотталғандар ішінен 58 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер құрылыс саласына қажетті өнімдерді нарыққа шығарады, оның ішінде табиғи газбен күйдіріліп өндірілетін қыш, қам кесек, пескоблок өнімдері бар. Мұнда жұмысшылар саз балшықтан кірпіш қалыптап, кептіреді, кейін пешке салып күйдіру арқылы дайын өнімге қол жеткізеді. Әр кезеңге ерекше мән беру, өнімнің сапасына кепілдік береді. Сотталғандар Зауытта күніне үш мың (3000) қам кесек өнімін шығарса, 72 сағат ішінде пеште күйдіру арқылы жетпіс мыңға (70000) дейін күйдірілген қыш алады. Өндірілген өнімдер нарықта сұранысқа ие, бұл сәйкесінше кәсіп көзін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мекеме тарапынан кәсіпкерге жағдай жасалған. Мүмкіндікті тиімді пайдалана білген жеке кәсіпкер «Әділет» бүгінде еңбек өнімділігін арттырып, экологиялық тұрғыдан талапқа сай табиғи өнім шығарып келеді.


«Қазіргі таңда мекемеде 18 шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс жасап жатыр. Соның бірі ЖК «Әділет» жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өндіріс орнында 40 сағаттық жұмыс режимі сақталған және сотталғандар еңбекақысын алып отырады. Кәсіпкерлер үшін бізде кәсіпке қолайлы орындар қарастырылған. Кәсіп иелеріне қолдау қашанда білдіреміз. Әлеуметтік желілер мен газет-журналдарда, ақпараттық агенттіктерде кеңінен ақпараттандырамыз. Сотталғандарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жасалып жатқан мұндай жобалар азаматтардың жаза мерзімі аяқталған соң, қоғамға тез бейімделіп, енбекке етене араласып кетуіне оң ықпалын тигізеді»,- дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Абдреймова
Төлеп Рәпіш ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!