Сәрсенбі, 27 қараша, 04:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілер мамандық игеруде

18.09.2023

446 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 100 азамат арнаулы білім алуда. Білім алушылар арнайы тігінші, электргазымен дәнекерлеуші, аспазшы, автослесарь, слесарь-сантехник, ағаш ұстасы және поркет жұмыстарының шебері мамандықтары бойынша кәсіби сауатын арттырып, бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.
Қызылорда қаласында М.Ықсанов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес және Қызмет көрсету және сервис колледжі, М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі, М.Смағұл атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледждерінен арнаулы білім беретін мамандардан он ай бойы білім алып, шәкіртақылары арқылы мемлекетке не сот орындаушы мен заңды тұлғаға берешегін өтемек.

  • Мамандықтары бойынша оқуға қабылданған азаматтар жаза мерзімі аяқталғанша осы мекемеде ақылы жұмысқа орналасып, жалақы алып, қылмыспен келтірген шығындарды өтеуге мүмкіндіктері бар. Бұл азаматтар жақсы оқығаны үшін ай сайын шәкіртақы алып тұрады. Сотталғандардың жеке істері бойынша атқару парақтары болса, шәкіртақысынан белгіленген сома ұсталып отырады. Сотталғандардың туыстары үшін материалдық қолдау көрсету үшін, жеке басына қатысты қажетті заттарды сатып алу үшін шәкіртақысын пайдалануға мүмкіндік беріледі, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы Тлеубекова Толқынай.
    «Арнайы тігінші» мамандығы бойынша білім алып жатқан жазасын өтеуші мамандық игеріп қана қоймай, ай сайын шәкіртақы да алып тұрғанын айтады.
  • Бізді қоғамнан «сотталған» деп бөлмей, жеке тұлға ретінде қалыптасуымызға жағдай жасап, білім алуымызға, мамандық иесі атануымызға мүмкіндік жасап отырған мекеме әкімшілігіне алғысымды білдіремін. Бостандыққа шыққан соң да осы мамандығым бойынша кәсіп ашып, өзімді одан әрі дамытамын, – деді жазасын өтеуші.
    Қолдарына диплом алғаннан кейін бұл азаматтар тек темір тордың аржағында ғана емес, бостандықта да алған білімімен жұмысқа орналаса алады.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: